09.12.2024, 22:09
Жаңалықтар
Отандық танымал актер абақтыдан шықты (ВИДЕО)
Ол бұзақылық жасады деген айыппен сотталған болатын
Фото: askarzhumabeqov/Instagram
Белгілі киноактер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты. Бұл туралы актер өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Танымал актер былтыр қазан айында Алматы қаласындағы №2 Бостандық ауданы сотының шешімімен сотталған болатын.
2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласындағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Оның ішінде белгілі актер Асқар Жұмабек те болған.
Соттың шешімі бойынша, оған бұзақылық жасады, адамдардың денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылған болатын.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
01.07.2026, 12:47
Маңғыстау облысында жүздеген еркекке әйел адам жасалатын қымбат ота түрлері рәсімделген