$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда үйінен кетіп қалған жас ана мен сәби Ақтаудан табылды

Оларды тәртіп сақшылары тапты

Алматыда үйінен кетіп қалған жас ана мен сәби Ақтаудан табылды
Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері іздеуде жүрген жас ананы сәбиімен бірге аман-есен тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда 6 желтоқсанда 20 жастағы жас ана сәбиін алып, үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол ата-анасымен бірге тұратын үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған.

Оның жоғалғаны туралы полицияға Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны хабарлаған.

«Хабар түсе салысымен көлік полицейлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, жедел әрекетке кірісті. 7 желтоқсан күні Ақтау қаласы әуежайын патрульдеу кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғалған әйел мен оның сәбиін анықтады. Екеуі де аман-есен табылып, жеке басы тексерілгеннен кейін ата-анасына тапсырылды», - делінген хабарламада.

Жас ананың ата-анасы көлік полицейлеріне дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

 

Серіктес жаңалықтары