09.12.2024, 04:00
Жаңалықтар
Алматы облысында құдыққа түсіп кеткен екі бала аман-есен құтқарылды
Екі бала да ешқандай жарақат алған жоқ
Фото: ТЖМ
Алматы облысының Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында құтқарушылар ерекше құтқару жұмыстары сәтті аяқтады. Оқиға жеке тұрғын үй аумағында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тереңдігі екі метр болатын құдыққа абайсызда бір жасар бала түсіп кеткен. Мұны байқаған сегіз жастағы әпкесі көмекке ұмтылып, құдыққа өзі де түсіп, қайта шыға алмаған.
Ата-анасы дереу құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шақырту орнына жылдам жетіп, құтқару арқанының көмегімен балаларды құдықтан алып шықты. Екі бала да ешқандай жарақат алған жоқ», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
