$ 522.49  547.88  5.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаудағы хайуанаттар бағының жағдайы жаға ұстатарлық - волонтерлер

Волонтерлер дәлел ретінде фото және бейнематериалдар ұсынды.

Ақтаудағы хайуанаттар бағының жағдайы жаға ұстатарлық - волонтерлер
Волонтерлер ұсынған фото

Екі рет жылжымалы хайуанаттар бағына барған волонтерлер ірі жабайы жануарлар мен құстар өте қолайсыз жағдайда ұсталып отырғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, торлар тар әрі лас, жылыту жүйесі жоқ. Жануарлар өз нәжісінің үстінде жатып, сол жерде қажеттілігін өтеуге мәжбүр. Айналада сасық иіс шығады, ал жануарлардың жүні кір және түйдек-түйдек болған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз жануарлардың қыңсылап, азап шегіп жатқанын көрдік. Бұл олардың күтім нормаларының өрескел бұзылғанын көрсетеді. Ішетін су да, тамақ та жоқ. Жануарлар әбден арықтағаны байқалады. Жануарларды осындай күйде әкеліп, одан табыс табудың қандай қажеті бар? Бұл жағдайға табиғат қорғау прокуратурасы араласуы керек. Кәсіпкердің қызметін тоқтатып, жануарларды дереу алып кетуі қажет. Біздің ұйым бұл мәселені шешуге қосымша ақпарат пен көмек көрсетуге дайын», – деп мәлімдеді волонтерлер.

Волонтерлер дәлел ретінде фото және бейнематериалдар ұсынды.

Жануарларды бақылау және қадағалау мәселесі бойынша әкімдік қалалық ветеринарлық инспекцияға жүгінуді ұсынды. Алайда инспекция дәлелсіз тексеру жүргізілмейтінін айтты. Мамандар мәселені шешу үшін eGov.kz порталы арқылы өтініш жолдауға кеңес берді.

Волонтерлер Lider.kz ұйымының мүшелері бүгін, 8 желтоқсанда, eGov.kz порталына жүгініп, қалалық әкімшілікті жағдайды шешуге шақырды.

 

Серіктес жаңалықтары