Астанада бір түнде 15 мың текше метр қар шығарылды
Коммуналдық қызметтер 1 249 рейс жасаған

Астанада қар тазалау жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Тек өткен түні, 7-нен 8 желтоқсанға дейін, коммуналдық қызметтер қала аумағынан 15 мың текше метр қар шығарып, 1 249 рейс жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 1,2 мыңнан астам арнайы техника және 2,6 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылған. Ең алдымен, қозғалысы жоғары аймақтар тазартылып, кептеліс болмауы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, орташа қозғалыс аймақтары – алаңдар, вокзал маңы, тротуарлар мен әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар қардан тазартылады», – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.
Қыс басталғалы бері қар шығару жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін қаладан жалпы 890 мың текше метр қар шығарылып, бұл шамамен 70 233 жүк көлігіне тең келеді.