08.12.2024, 15:18
Жаңалықтар
Бұрынғы қорғаныс министрі мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен тұтқындалды
Ол Сеулдің шығысындағы қамау орталығына жіберілді
Фото: Yonhap
Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен тұтқындалып, Сеулдің шығысындағы қамау орталығына жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap басылымына сілтеме жасап.
«Прокуратура президент Юн Сок Ёльдің өткен аптада әскери жағдай жариялауына байланысты Ким Ён Хёнды тергеп, тұтқындағанын мәлімдеді. Арнайы тергеу штабы экс-министрдің ұялы телефонын тәркілеп, тергеу жүргізіп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Ким Ён Хён президент Юн Сок Ёльге әскери жағдай енгізуді ұсынғаны белгілі болды. Президент бұл шешімді сейсенбі күні кешкісін жариялаған.
Көп оқылған
20.06.2026, 15:25
Жазадан қашқан келіншек 16 жылдан кейін елге қайтарылды
20.06.2026, 13:29
Шымкентте өрт салдарынан сегіз баланың анасы көз жұмды
20.06.2026, 10:01
Алматыда супермаркет қызметкерін балағаттаған әйел жазаланды
20.06.2026, 08:19
«Болашақ» бағдарламасымен алғаш рет AI мамандары шетелге тағылымдамадан жіберіледі
20.06.2026, 06:41
Курьер болып жұмыс істейтін аналар жәрдемақыдан айырылмайды – министрлік