$ 503.05  542.99  5.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дәрігерлер Ақтауда өзін өртеп жіберген адамның жағдайын айтты

Науқастың жағдайы әлі күнге дейін өте ауыр

Дәрігерлер Ақтауда өзін өртеп жіберген адамның жағдайын айтты
Фото: © istockphoto.com

Ақтауда дәрігерлер облыстық әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген ер адамның өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухана өкілдерінің мәліметінше, науқастың жағдайы әлі күнге дейін өте ауыр. Реанимация бөлімі дәрігерлерінің айтуынша, пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазіргі уақытта оң өзгерістер байқалмай, науқастың жағдайына қатысты болжам жасау қиын», — деп жазылған мақалада.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтауда ер адам облыстық әкімдік ғимаратына келіп, аймақ басшысымен кездесуді талап еткен. Талаптары орындалмаған соң, өзін өртеп жіберген. Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Осы жағдайға байланысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары