07.12.2024, 21:21
Жаңалықтар
Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жолды 2024 жылғы 9 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алма-Тау турбазасына кіреберіс республикалық автожолында учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
«2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 03:00-де Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Алма-Тау турбазасына кіреберіс” республикалық автожолының 0-15 шақырым аралығындағы (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Жолды 2024 жылғы 9 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
