06.12.2024, 12:56
Жаңалықтар
Астананың сол жағалауында болған жол апатынан біренеше адам зардап шекті
Жол апатына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр
Фото: Видеодан скриншот
Жол апаты Астананың сол жағалауында Қабанбай батыр даңғылында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде жол апатында түсірілген қорқынышты кадрлар жарияланды.
«Jetour автокөлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылынан Қорғалжын тас жолына оң жақ съезд бойынша келе жатып, рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Chevrolet және Toyota маркалы екі автокөлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді», - деп атап өтті жергілікті патрульдік қызмет.
Жол апатына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді