$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді»: Шымкентте масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші сотталды

Ол бұған дейін де істі болған

«Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді»: Шымкентте масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші сотталды
Фото: © istockphoto.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адамның мас күйінде көлік басқарғаны үшін қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Сотталушы С. өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, 2024 жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласындағы Өмешұлы көшесінде Nissan Pick-Up көлігін мас күйінде жүргізген. Жол ережесін өрескел бұзған ол құқық қорғау органдарының назарына түскен.
Сот С.-ның кінәсін толық дәлелдейтін айғақтарды, куәгерлердің жауаптарын және сараптама қорытындыларын ескерді. Прокурор оны бас бостандығынан айыруды сұраса, С. кінәсін мойындап, шын өкініш білдіріп, жеңіл жаза сұрады.

«Сот С.-ның кінәсін мойындағанын жеңілдететін жағдай ретінде есептеді, алайда 2022 жылы дәл осы бап бойынша сотталғанын және қайтадан заң бұзғанын назарға алды. Нәтижесінде сот С.-ны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыруға үкім шығарды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді», - делінген хабарламада.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары