$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде алаяқ онлайн түрде тұрғынға үш банктен несие алдырған

Ол өзін коммуналдық қызметтің маманы ретінде таныстырған

Ақтөбеде алаяқ онлайн түрде тұрғынға үш банктен несие алдырған
Фото: © istockphoto.com

Ақтөбеде алаяқтықтың жаңа оқиғасы тіркелді. Белгісіз адам WhatsApp арқылы хабарласып, өзін «Энергожүйе» компаниясының қызметкері ретінде таныстырған. Ол есептегішті ауыстыру үшін жәбірленушіден 1414 нөмірінен келген кодты айтуын сұраған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Осыдан кейін тағы бір адам қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып, әлгі код арқылы жәбірленушіге несие рәсімделгенін айтқан. Алаяқтар бұл ақшаны ұрлаудың алдын алу үшін жәбірленушіге өз атына несие рәсімдеп, қаражатты «қауіпсіз» шотқа аударуды ұсынған.

«Жәбірленуші алаяқтардың айтқанына сеніп, үш банктен несие рәсімдеп, 7 миллион теңгеден астам ақшаны көрсетілген шотқа аударып жіберген», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары