Алматы облысында аманаттық депутаттар халықты алаңдатқан мәселелерді көтерді
Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен алда тұрған міндеттер талқыланды
Алматы облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етті. Қазірдің өзінде экономиканың барлық негізгі салаларында айтарлықтай жетістіктер бар. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов атап өткендей, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және әлеуметтік салада оң динамика байқалуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыс экономикасында өнеркәсіп өндірісі 106,4%-ға, сауда саласы 109,5%-ға, құрылыс саласы 123%-ға өскен. Сонымен қатар аймаққа тартылған инвестиция көлемі 23,8%-ға артты. Бұл көрсеткіштер Алматы облысының республика бойынша экономикалық даму көрсеткіштері арасында алдыңғы қатарда екенін көрсетеді.
Дегенмен, фракция жиналысында орындалмаған немесе уақытылы аяқталмаған жобалар туралы да сөз болды. Бірқатар білім беру және инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмай қалғаны аталып өтті.
Мәселен, фракция мүшесі Гүлнәр Құраметова биыл өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салыну керек болған 24 мектептің құрылысы жайлы мәселені көтерді.
«Біз мектеп құрылысын жоспарлағанда тек қабырғаларын тұрғызуды ғана ойламауымыз керек. Әрбір бала сапалы білім алуға құқылы. Ал үш ауысымда оқу – бұл ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушыларға үлкен салмақ. Талғар, Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарындағы 14 мектептің құрылысы 2024 жылы аяқталады деп күтілген еді. Енді бұл мерзім 2025 жылға шегеріліп отыр. Бұл халықтың сенімін түсіреді. Жобалар уақытылы әрі сапалы аяқталуы тиіс. Не себепті келер жылға ауысты?», – деп сауалын қойды.
Құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Құрманғалиев республикалық бюджетке енгізілген түзетулерге байланысты 15 нысанның құрылысы келесі жылға шегерілгенін айтты.
«Бұл шешім қаржыландыру көлемінің азаюына сәйкес қабылданды. Қазіргі уақытта 26 мектептің құрылысы жалғасуда, оның ішінде 8 мектепте инженерлік желілер толық жүргізілген. Қыркүйек-қараша айларында 5 мектеп пайдалануға берілді. Ал желтоқсан айында тағы 6 мектептің ашылуы жоспарланған», – деді басқарма басшысы.
Ал фракция мүшесі Сұлтан Нұрдәулетов ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарының ашылу барысына қатысты сауал қойды. Оның айтуынша, Ұйғыр ауданындажоспарланған мұндай орталық әлі күнге ашылмаған.
«Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналғанорталықтарды ашу партияның сайлауалдыбағдарламасында нақты көрсетілген. Алайда, Ұйғырауданында ашылуы тиіс орталықтың мәселесі әлі де шешілмей келеді. Бұл халықтың ерекше топтарынажасалуы тиіс әлеуметтік қолдаудыңжеткіліксіздігін көрсетеді», – деді ол.
Бұл сауалға Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Ержан Байқоныс жауап берді.
«Биыл маусым айында Ұйғыр ауданында мүгедектігібар 40 балаға арналған орталығы ашылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде«Денсаулық зор байлық» мүгедектер қоғамдықбірлестігі жартылай стационар жағдайындамүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтікқызметтер көрсетеді. Қазіргі уақытта 32 бала осы орталықтан тек күндіз қызмет алуда», – депмәлімдеді басқарма басшысының орынбасарыЕржан Байқоңыс.
Сондай-ақ, фракция мүшесі Махаббат Бигельдиев«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоспарланған6 мәдениет үйінің құрылысы жүзеге асырылмағанынсынға алды.
«Қарасай, Еңбекшіқазақ және Талғараудандарындағы мәдениет үйлері биыл салынып, пайдалануға берілуі керек еді. Алайда, бұлнысандардың құрылысы мүлдем басталмаған. Ауылтұрғындары үшін бұл мәдениет үйлері тек бос уақытты өткізу орны ғана емес, шығармашылықпенайналысу және мәдени шаралар ұйымдастырудыңнегізгі орталығы. Осы нысандарды іске асыру халықүшін өте маңызды, және олардың құрылысынбастау – біздің басты міндетіміз», – деді ол.
Бұл сауалға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров жауап берді. Оның мәлімдеуінше, Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек, Қызылшарық жәнеҚайыпов ауылдарында мәдениет үйлерін салуға қажеттіқұжаттар әзірленген, бірақ олардың мерзімі аяқталып, қайта қарау қажет. Қарасай ауданының Жібек жолыауылында құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінімберілген. Ал Талғар ауданының Жаңалық ауылында жербөлініп, құжаттарды әзірлеуге қаржы сұралғанымен, әліқаражат бөлінбеген.
Жиналыс соңында Алматы облыстық мәслихатыныңтөрағасы, партияның облыстық филиал төрағасы ҚуатБайғоджаев партияның сайлауалды бағдарламасынжүзеге асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Партияның сайлауалды міндеттемелері өңірхалқының өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруғабағытталған. Оларды уақытылы әрі сапалыорындау – біздің басты міндетіміз. Әрине, орындалмаған тармақтардың көпшілігі бюджет тапшылығына байланысты. Дегенмен, қаражатбөлінген нысандардың өзінде тиісті бақылаудыңжоқтығы үлкен мәселе болып отыр. Мұндай жағдайқайталанбауы керек. Біз халықтың сенімін ақтауүшін барлық қажетті шараларды қабылдауымызқажет», – деді Қуат Байғоджаев.
Сондай-ақ, ол фракция мүшелеріне проблемалықмәселелерді жедел шешу үшін тиісті басқармаларментығыз байланыста жұмыс істеуді және олардыңқызметін қатаң бақылауды тапсырды.
Жиналыста көтерілген мәселелер бойынша қосымшасұраныстар жолданатыны және олардың орындалубарысы фракция мүшелерінің ерекше бақылауындаболатыны айтылды.