Шерзат Болаттың өліміне қатысты сараптама қорытындысы бір айдың ішінде шығатын болды (ВИДЕО)
Талғарда 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Талғардағы қанды оқиғаға қатысты тергеу әлі күнге дейін жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір осы қылмыстық іс қатаң бақылауда. Қазір күтіп отырмыз, әзірге бірнеше сараптама дайын емес. Бір айдың ішінде сараптама қорытындысын алғаннан кейін қосымша толық ақпарат беріледі. Қазір тергеу толық жүріп жатыр, бәрі бақылауда. Бәрімізге мәлім, жауапты қызметкерлер жазаланды», - дейді Санжар Әділов.
Айта кетейік, Талғарда 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Бастапқыда бұл іске байланысты жеті адам қамауға алынды. Кейін 15 қазанда күдіктілер саны онға жетсе, 17 қазанда тағы бір күдікті қамауға алынған еді.