04.12.2024, 07:33
Жаңалықтар
Шавкат Рахмоновтың UFC 310 турниріндегі жекпе-жегі үшін алатын сыйақысы белгілі болды
Қарсыласы Иэн Гэрри 150 мың доллар гонорар алады
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Sportal Mag порталы 8 желтоқсан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 310 турнирінің басты жекпе-жектеріне қатысушылардың гонорарын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жегі үшін кепілді түрде 350 мың доллар табыс табады. Егер жеңіске жетсе, сыйақысы тағы 100 мың долларға өседі.
Ал қарсыласы Иэн Гэрри 150 мың доллар гонорар алады, жеңген жағдайда қосымша 100 мың доллар сыйақыға ие болады.
Турнирдегі ең жоғары гонорарлар кештің басты жекпе-жегінің қатысушыларына тиесілі. Бразилиялық Алешандре Пантожа 750 мың доллар, ал жапондық Кай Асакура 500 мың доллар табыс табады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды