$ 530.24  543.97  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Айырылысып кетеміз, екі-үш айдан соң қайта қосыламыз»: Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі жан сырымен бөлісті

Ол өз сөзінде Сейфуллин Жолбарыспен бірге есейгенін, сол арқылы ана бақытын сезінгенін айтты

«Айырылысып кетеміз, екі-үш айдан соң қайта қосыламыз»: Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі жан сырымен бөлісті
Фото: Видеодан скриншот

Әнші Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі Екатерина Вайт қарым-қатынастарының ажырасу кезеңіндегі жағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол танымал тележүргізуші Анна Данченконың YouTube-арнасына сұхбат беріп, отбасылық өмірі туралы ой бөлісті.

«Екеуіміз айырылысып кетеміз, одан кейін екі-үш айдан соң қайтадан келеді, қосыламыз. Сондай бір тербеліп жүрген кездер болды. Бірақ түбегейлі нүкте қойдық. Мұндай жүріс болмайды дедім. Нүкте қояйық, бірақ сен қашанда менің жақын адамым болып жүре бересің дедім», - дейді Екатерина Вайт.

Ол өз сөзінде Сейфуллин Жолбарыспен бірге есейгенін, сол арқылы ана бақытын сезінгенін, алдағы уақытта дос болып қалуды, қыздарын бірге бағу туралы ойын жеткізгенін айтты.

«Оған осылай жүре бермей үйлен дедім. Ол да айтты, маған жүре бермей үйлену керек деді. Әйел адам бала-шағасымен жүре береді ғой. Ал еркекке қиын. Оған қасында адам болуы керек. Жақсы бір әйел кездесіп, үйленіп жатса, мен оларға тек бақыт тілеймін», - деп сөзін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ажырасу #әнші