Алматы облысындағы тауларда көшкін жүруі мүмкін
Құтқарушылар көшкін жүруі мүмкін 55 орын бар екенін мәлімдеді

Алматы облысының құтқарушылары қар көшкіні қаупі болуы мүмкін екені туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 2-5 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні болуы мүмкін қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында – Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан.
Көбінесе көшкіндер ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты пайда болады.