Ауа райы: солтүстікте қар жауады, оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Синоптиктердің болжамынша, батыста жауын-шашынсыз болады
«Қазгидромет» РМК 3-5 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, батыста жауын-шашынсыз болады.
«Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптастыратын болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын шарттайды. Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман күтіледі», - делінген ауа райы болжамында.
Синоптиктердің мәліметінше, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.