28.11.2024, 07:20
Жаңалықтар
Бүгін еліміздің 13 қаласында ауа ластанады
Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал қалыпты
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің 13 қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Көкшетау, Қостанай және Петропавл қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
12.08.2026, 09:50
Миллиардтарды алып, Кореяға қашқан: ҚМА салық төлеуден жалтарған ер адамды Қазақстанға қайтарды
12.08.2026, 18:23
Бесағашта бойжеткенге қырындап, интимдік қатынас ұсынған қария кісінің кім екені анықталды (ВИДЕО)
12.08.2026, 09:59
Тойға шақырып жүрген: бір отбасының үш адамы жол апатынан қаза тапты