27.11.2024, 14:28
Жаңалықтар
Ресейдің бірнеше аймағында қазақ мектептері ашылатын болды (ВИДЕО)
Министр мектептер қай өңірлерде ашылатынын айтты
Фото: istockphoto.com
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ресейде бірнеше қазақ мектебі ашылатынын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, қазақ мектептері Ресейдің үш аймағында ашылады.
«Қазір мәселе пысықталуда. Ресейде үш аймақ таңдалады. Олардың бірі – Астрахан, одан әрі Орынбор болуы керек. Қазір есімде жоқ, Томск сияқты. Қазақ диаспорасы көп шоғырланған елді мекендерде қазақ мектептерінің ашылуы пысықталып жатыр», - деп растады министр.
Осыған дейін әлеуметтік желіде Ресейдің Астрахан облысында тұратын қазақтар өз аймағында қазақ тілінде оқытатын мектептер ашуды сұрағаны туралы ақпарат жарияланған.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты