Таяу Шығыстағы екі үлкен соғыстың бірі екі айға тоқтайтын болды
АҚШ президенті екі елдің премьер-министрлерімен сөйлескенін айтты
Таяу Шығыстағы үлкен соғыстың бірі – Израиль мен Ливандағы «Хезболла» ұйымы арасындағы қақтығыс екі айға тоқтайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Euronews мәліметінше, Израиль әскери кабинеті АҚШ-тың «Хезболла» тобымен атысты екі айға тоқтату жоспарын бекітті. Бітімгершілік бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00-де (Астана уақыты бойынша таңғы 7-де) күшіне енді.
Жоспар екі жақтан да 60 күнге атысты тоқтатуды көздейді. Келісімге сәйкес, Израиль Ливан армиясына осы аумақты бақылауға беру арқылы Оңтүстік Ливаннан әскеріншығарады, ал «Хезболла» ауыр қаруды Литани өзенінің артына апаруға міндетті болады.
АҚШ президенті Джо Байден бітімгершілік мерзімсіз болуы мүмкін деп мәлімдеді.
«Бүгін Таяу Шығыстан жақсы жаңалығым бар. Мен Ливан мен Израильдің премьер-министрлерімен сөйлестім. Мынаны қуана-қуана хабарлаймын:
Олар Америка құрама штаттарының Израиль мен «Хезболла» арасындағы жойқын қақтығысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдады», - деп жазды АҚШ президенті Джо Байден.