Сауда министрі 535 теңгенің 10 жұмыртқасын акция бойынша тапқан (ВИДЕО)
Министрлік тіпті, арнайы видео жариялады
Мәжіліс кулуарында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомство азық-түліктің қазіргі бағасын қалай есептейтінін айтты. БАҚ өкілдерін жұмыртқаның құны қызықтырды, министрдің айтуынша, он данасы 535 теңге тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оны былай түсіну керек: біз ылғи да орташа республикалық индекстерді аламыз, ең жоғары көрсеткіштерді алмаймыз. Сол себепті баға туралы сұрақ қойылғанда, біз республика туралы айтып отырмыз. Жеке қалалардағы жағдай әртүрлі – бұл қалыпты нәрсе. Алматы мен Астанада – қымбат, ал елдің оңтүстігі мен солтүстігінде – арзан. Астанадағы Small-да мұндай бағалар бар, олардың мекенжайлары да бар. Ақпарат берілді, ол көпшілікке қолжетімді», - деп түсіндірді Шакқалиев.
Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Azattyq Rýhy тілшісі Сауда министрлігінің басшысынан жұмыртқа бағасының неліктен қымбаттағанын сұраған. Бұған жауап ретінде министр жұмыртқаның құны 535 теңге екенін, тіпті дүкендердің мекенжайын көрсетуге уәде бергенін айтты. Алайда, біздің жеке тексеруіміз мүлдем басқаша болып шықты. Кеше, яғни министрге сұрақ қойылғаннан кейін бір аптадан соң Сауда министрлігінің баспасөз қызметі аймақтар мен мегаполистердегі тауық жұмыртқасының қазіргі бағасы туралы есеп берді.
Төмендегі видеода жұмыртқаларды қолжетімді бағада акция бойынша ғана алуға болатынын байқауға болады.