$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан бір топ адам ұсталды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан бір топ адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмек көрсетумен айналысқан бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz-тің жазуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге шекарадан өту үшін жалған сот қаулыларын берген 9 адамды ұстады.

«Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталады», - делінген ақпаратта.

 Сонымен қатар жоғарыда аталған жалған құжаттардың көмегімен ҚР шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылды.

«Жыл басынан бері «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қонысбаев» және басқа да шекаралық бекеттерде валютаны заңсыз айырбастаумен айналысатын адамдарға қатысты 40-тан астам тексеру жүргізіліп, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер өткізілді», - деп мәлім етті полициядан.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының полицейлері кедендік саладағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары