26.11.2024, 20:19
Жаңалықтар
Алматы облысында көше бойында көкпар тартқандар жауапқа тартылды
Ат спортын ұйымдастырушы 7 тәулікке қамауға алынды
Бейнеден кадр
Алматы облысында көше бойында көкпар тартқандар жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Еңбекшіқазақ ауданының жолдарында бір топ шабандоздың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.
«Құқық бұзушылар полиция бөліміне жеткізілді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары әкімшілік жауапқа тартылды. Ат спорты ойындарын ұйымдастырушы Еңбекшіқазақ аудандық сотымен 7 тәулікке, ал төрт қатысушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, қалғандары айыппұл арқалады», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді