26.11.2024, 12:32
Жаңалықтар
Президент құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы мен «Оңтүстік» әскерлерінің қолбасшысын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімдері жарияланды
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы мен «Оңтүстік» әскерлерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына Мереке Мәтімұлы Көшекбаев тағайындалды. Осыған дейін бұл лауазымды атқарған Асан Қуанышұлы Жүсіпов қызметінен босатылды;
Ал «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып Ержан Уақасұлы Ыбыраев тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Осыған дейін аталмыш лауазымды атқарған Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев бұл қызметтен босатылды.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 07:29
Астанада жаңбыр қарға ұласып, Шымкентте найзағай ойнайды: үш мегаполисте ауа райы құбылады
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
22.11.2026, 06:19
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте әлем чемпионы атанды
