$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында 161 мың гектардан астам жер қайтарып алынды

Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жоспары артығымен орындалды

Қарағанды облысында 161 мың гектардан астам жер қайтарып алынды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қарағанды облысында биыл 161 064,0 гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды. Осылайша жоспарланған межеден артық орындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылға межеленген пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген 130 мың га жерді қайтару жөніндегі жоспарды 23,9%-ға артығымен орындады.

«Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жер пайдаланушылар 11,5 мың гектар жерді игеруге кірісті, заңсыз берілген 4 050 га жердің жалдау шартының күші жойылды, сот шешімі бойынша 12 мың гектар жер мәжбүрлеп алынып, 6 335 га бойынша істер сотта қаралуда.

Сонымен қатар, облыс бойынша қайтарылған жерлердің 94,3 мың гектары ерікті түрде бас тарту жолымен, ал 46,7 мың гектары жалдау шартының мерзімі өту себебімен қайтарылды», - деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Серіктес жаңалықтары