Литвада жүк таситын ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады
Аптаттан екі адам қаза тапты
Жүк таситын ұшақ Вильнюс халықаралық әуежайына ұшып бара жатқанда апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әуежай өкілі Марюс Зелянюс LRT ұлттық радиосының эфирінде ұшақ тұрғын үйге құлағанын айтты.
«DHL компаниясының ұшағы екі қабатты тұрғын үйге құлады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта екі ұшқыш пен компанияның екі қызметкері болған», - деді ол.
Ұшқыштардың бірі құтқарылды. Бортта болған қалған адамдар туралы әлі ақпарат жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Үйде адамдар болғаны әзірге белгісіз.
Кейінірек станция екінші ұшқыштың қаза тапқаны туралы хабарлады.
«Құтқарушылар лайнер қоқыстарының астынан ұшқышты тапты. Ол бастапқыда тірі болатын, бірақ алған жарақаттарынан бірнеше минуттан кейін қайтыс болды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді», - деді ол LRT эфирінде.
Ұшақ Лейпцигтен Вильнюске бағыт алған болатын.