$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Билет тапшылығы, кешіккен пойыз, арам вагондар: Антикор теміржол саласына ақыры назар аударды

Антикор теміржол саласындағы проблемаларға назар аударып, шүйлігіп отыр

Билет тапшылығы, кешіккен пойыз, арам вагондар: Антикор теміржол саласына ақыры назар аударды
Фото: railways.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Көлік министрлігінде теміржол жолаушылар тасымалының түйткілді мәселелері бойынша отырыс өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде елеулі бұзушылықтар талқыланды.

«Мемлекеттік қолдау есебінен айтарлықтай табыстарға қарамастан, көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етпейтін жекелеген жеке тасымалдаушылардың мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл жолаушылар вагондарының санитарлық және техникалық жағдайына қатысты шағымдарына әкеледі. Сонымен қатар, билет тапшылығы және азаматтарға қолайсыздық тудыратын пойыздардың тұрақты кешігуі мәселелері сөз болды», - делінген хабарламада.

Отырыста субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарау, субсидиялау жүйесін цифрландыру, тиімді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету (пойыздарды тексеруді аудио-бейнетіркеу, қызметтер сапасы мен айыппұл санкциялары жүйесін бағалау өлшемшарттарын белгілеу), тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізу, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін ұлғайту мәселелері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары