«Жамбылға да бардым»: «Дүние жүзін аралаған» әже желідегілерді күлкіге қарық қылды
Көпшілік әжеге ақ тілектерін жаудырды
Әлеуметтік желіде егде жастағы әженің видеосы тарады. Әжейдің видеосы қазнет қолданушыларының көңілін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбада әже дүние жүзін аралап, тіпті, Жамбылға да барғанын айтады. Кадрда ер адам әжеге «Дүние жүзін араладым дейсің бе, апа?» деп сұрақ қояды.
Ал бұл сұраққа жауап берген әже: «Дүние жүзін араладым ғой. Ташкент, Шымкент қалған жоқ. Жамбылға да бардым. Туысқандарымыз болды сонда. Атамның інісінің балалары үйленді», - дейді.
Ал видеоны тамашалаған желі қолданушылары үлкен кісілердің айтқан осыған ұқсас әңгімелерін жазып, түрлі пікір қалдырған.
«Дүниежүзін аралағанмен бірдей ғой үлкен кісіге. Қазақстанның әр облысында болған болып тұр ғой апамыз. Денсаулығыңыз мықты болып, әлі де талай жерлерді аралап, аман отырыңыз, апа!» деген сынды пікірлер қалдырылған.