24.11.2024, 00:30
Жаңалықтар
Бүгіннен бастап «Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Кездесу 12 желтоқсанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді
Коллаж: Azattyq Rýhy
Бүгіннен бастап «Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана» футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйсенсек, матчқа деген қызығушылық танытқандар көп болуына байланысты билет сату бойынша келесі қауіпсіздік шарттары қарастырылған:
- Бір қолға 4 дана билет сатылады: сатып алу электрондық пошта, телефон нөмірі және несие картасын тіркеу арқылы жүзеге асырылады;
- Билеттер жеке тұлғаға рәсімделеді, тапсырыс беру кезінде әрбір келушінің деректерін енгізу қажет, матчқа барған кезде өзімен бірге растайтын құжат болуы тиіс;
- Матчқа қатысу құқығын беретін QR коды бар электрондық билет матч күні электрондық поштаға жіберіледі;
- www.zakazbiletov.kz сайтындағы кезектің артуына байланысты, онлайн кезек іске қосылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінің матчы 12 желтоқсанда, сағат 20:30-да Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)