Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды
Ол ұйымдасқан қылмыстық топтарға қамқорлық жасау деректері бойынша күдікке ілінген
Петропавлда ұйымдасқан қылмыстық топтарға қамқорлық жасады деген күдікпен Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy sm1.kz-ке сілтеме жасап.
«2024 жылдың 22 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы ҰҚК департаменті мен ҰҚК орталық аппаратының қызметкерлері Петропавл қаласында бұрынғы лауазымды тұлғаны ұстады. Күдікті 20 қарашада қызметінен босатылған», — деп жазылған хабарламада.
Бұрынғы құқық қорғау қызметкері пара алу және ұйымдасқан қылмыстық топтарға қамқорлық жасау деректері бойынша күдікке ілінген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Құзырлы органдар оқиғаға қатысты толық ақпаратты тергеу аяқталғаннан кейін жариялайтынын мәлімдеді.