$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жылыту маусымы басталғалы өрттен 41 адам қаза тапты

Жалпы 913 өрт тіркелді

Жылыту маусымы басталғалы өрттен 41 адам қаза тапты
Фото: © istockphoto.com

Жылыту маусымының басынан бері елімізде 913 өрт тіркелді. Одан 41 адам қаза тапуып, 28 адам жарақат алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Астанада қалалық және Ақмола облыстық құтқарушылары бірлесіп, қала маңы мен шекаралас аудандардағы тұрғын үйлерде алдын алу рейдтерін өткізді. Рейд барысында құтқарушылар мен волонтерлер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді», — деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, жеке сектордағы үйлер өрт шығу қаупі жоғары аймақ болып қалып отыр.

«Біз қауіпсіздік үшін» рейдтері тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алуға бағытталған. Ережелерді сақтамау әсіресе жылыту және электр құрылғыларын пайдалану кезінде орын алады. Бұл өрттің негізгі себептерінің бірі болып табылады», – деді Ерлан Төрегелдиев.

Құтқарушылар халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру өрт оқиғаларын айтарлықтай азайтуға және адам өмірін сақтауға мүмкіндік беретінін еске салады.

Серіктес жаңалықтары