23.11.2024, 15:46
Жаңалықтар
Air Astana рейсті 15 сағатқа кешіктіргені үшін айыппұл төлейді
Айыппұл мөлшері 1,8 млн теңге деп белгіленді
Фото: Air Astana баспасөз қызметі
Ақтауда рейсті 15 сағатқа кешіктіргені үшін Air Astana әуекомпаниясы 1,8 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Маңғыстау көлік прокуратурасы жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тексеру жүргізді. Рейсті ұзақ күткен жолаушылар прокуратураға шағымданып, әуекомпанияның қажетті қызметтер көрсетпегенін айтты», — деп жазылған хабарламада.
Тексеру барысында анықталғандай, жолаушыларға заңнамада қарастырылған келесі қызметтер ұсынылмаған:
- Қонақүйге орналастыру;
- Ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- Ана мен бала бөлмесіне қолжетімділік;
- Әуежайдан қалаға шығуға арналған көлікпен қамтамасыз ету.
Осының негізінде Air Astana әуекомпаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млн 846 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 16:32
СҚО-да құтқарушылар дронның көмегімен алқапта адасқан қызды тапты