22.11.2024, 21:00
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады
Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақынның «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Өмір-өзен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек», «Сарыарқа» және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.



Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
