22.11.2024, 16:22
Жаңалықтар
Түнгі 3-те үйінен шығып кеткен: Екібастұзда жасөспірім дронның көмегімен табылды (ВИДЕО)
Жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам қатысты
Фото: Павлодар облысы ТЖД
Екібастұзда 22 қараша күні таңертең тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы полицияға түнгі сағат 3-те үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған ұлы туралы көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицейлер тек облыс бойынша ғана емес, көршілес аймақтарға да хабар берді. Сондай-ақ, жоғалған адам туралы ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.
Іздеуге 300-ге жуық адам қатысты: полиция және ТЖ қызметкерлері, еріктілер. Сонымен қатар, тікұшақ, дрон және екі иісшіл ит қатысты.
Полиция жасөспірімді дронның көмегімен саяжай маңынан тапты.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
