«Жанымызда жүріп заңсыз ақша табады»: Шымкент әкімі өңірде жемқорлық жойылмай тұрғанын айтты
Бұл орайда оның ұстанымы айқын көрінеді
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков өңірдегі жемқорлық әлі де жойылмай тұрғанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент те, үкімет те жемқорлықты азайтып, оның көзін құрту позициясын ұстанады. Мен әкім болып келе сала, әкімдіктегі әріптестеріме, бизнестегі бүкіл кәсіпкерге «Енді ондай жағдай болмайды» деп өз позициямды ашық айтып, ескерттім. Өкінішке қарай осыған қарамастан жанымызда жүріп, заңсыз табыс табу үшін түрлі әрекетке барған қызметкерлер болды. Олар заң бойынша жазасын алғанын жақсы білесіздер. Шынын айтқанда, қазір бізде (мұндай деректер – автор) толықтай азайды деп айта алмаймын. Себебі әртүрлі салада заңсыз әрекет болып жатқаны маған жетіп жатады. Оған қарсы күресетін арнайы органдар бар. Олар өз жұмысын істеп жатыр. Біз «таза, адал жолмен жұмыс істейміз» деген позицияны ұстанамыз, ол өзгермейді», - деді Ғабит Сыздықбеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, бүгін әкім брифинг барысында «Ордабасы» футбол клубын қандай өзгеріс күтіп тұрғанын айтқан болатын.