ШҚО-да екі адамды қағып өлтірген жүргізуші 5,6 жылға сотталды
Жүргізуші жол жиегінде тұрған екі адамды қағып кеткен
Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жол-көлік апатынан екі адам қаза болған іс (ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі) бойынша кінәлі Ә. азаматына үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты 2023 жылдың 11 қарашасы күні сағат 21:30 шамасында Тұрғысын ауылы ауданындағы Өскемен-Рахман қайнары тасжолының 142 шақырымында болған.
«Жүргізуші, азамат Ә. сағатына 40 шақырым жылдамдықпен шектелген аймақта көлік жүргізіп, қауіпсіз жылдамдықтан асып, жол жиегінде тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккендер есін жимастан ауруханада қайтыс болды», - делінген сот хабарламасында.
Прокурор 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы мен оның адвокаттары жазаны бапта көзделген ең төменгі шектен төмен тағайындауды сұрады.
Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ЖКО схемасымен, сондай-ақ сараптамалық зерттеулердің нәтижелерімен расталды.
Сот жүргізушіні максималды қауіпсіздік мекемесінде 5 жылға 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.