$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда кеден зертханасының басшысы пара алғаны үшін ұзақ мерзімге сотталды

Оларға пара берген брокерлерге айыппұл салынды

Алматыда кеден зертханасының басшысы пара алғаны үшін ұзақ мерзімге сотталды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А.Сатыбалдиев пен бас маман Б.Әлібеков сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оларға қатысты сот үкімі 18 қараша күні жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алған.

«Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген Антикор хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары