$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сібір антициклоны келе жатыр: Қазақстанның солтүстігі бұрқасынды, тұманды болады

Синоптиктердің болжамынша, температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды

Сібір антициклоны келе жатыр: Қазақстанның солтүстігі бұрқасынды, тұманды болады
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК 21-23 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде екпінді жел болады.

«Кезекті солтүстік-батыс циклоны шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағына ауысады, сол себептен жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болады, көктайғақ құбылыстары күтіледі, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады.

22 қарашадан бастап Сібір антициклоны республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Республика бойынша тұман мен екпінді жел де күтіледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Синоптиктердің болжамынша, температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.

Серіктес жаңалықтары