$ 503.61  524.96  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында шетелдік мигранттарға қатысты заңсыз әрекеттің беті ашылды

Олардың бір бөлігі ЖОО-лар мен колледждерге тіркелген

Жамбыл облысында шетелдік мигранттарға қатысты заңсыз әрекеттің беті ашылды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген 25 шетелдік оқу орындарына тіркелу арқылы 1 жылға заңсыз тіркеуге тұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Өзбекстаннан келген 19 мигрантқа М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті ретінде жалған құжаттар берілген. Ал шын мәнісінде олар бұл оқу орнында білім алмаған.

Аталған факті бойынша прокурорлармен ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тағы бір жағдайда 6 шетел азаматы қаладағы университет пен колледждерге формальды түрде қабылданып, кейіннен ұзақ уақыт сабағынан қалғаны үшін оқудан шығарылған.

«Жалпы мониторингпен уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған 180 шетел азаматы анықталды.

Осылайша еңбек мигранттарына кедергісіз келу және заңсыз уақытша тіркелуіне жағдай жасалған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде мигранттарды заңсыз тіркеу жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары