Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді
Бұған дейін Адамес командасы Жәнібекке келісімшарт жібергенін, бірақ жауап ала алмағанын мәлімдеген болатын
WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл мәлімдеме Хамза Шираздың (21-0, 17 КО) промоутері Фрэнк Уорреннің Жәнібекпен жекпе-жек өткізуге байланысты саудадан бас тартқанынан кейін жасалды.
«Карлос Адамес, маған келісімшарт жібер. Мен оған дәл қазір қол қоямын», – деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, бұған дейін Адамес командасы Жәнібекке келісімшарт жібергенін, бірақ жауап ала алмағанын мәлімдеген болатын. Ал Әлімханұлы бұл айыптауларды жоққа шығарды.