«Хезболла» ұйымының бас өкілі Бейрутқа жасалған әуе шабуылы кезінде қаза тапты
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, халық көп жүретін ауданға ескертусіз соққы жасалған
Ливандық «Хезболла» тобының бас өкілі Бейрут қаласының орталығына жасалған Израиль әуе шабуылы кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Израиль 27 қыркүйекте «Хезболла» ұйымының бұрынғы жетекшісі Хасан Насралланы жойғаннан кейін Мохаммед Афиф топтың негізгі тұлғасына айналған болатын.
Бейруттың Рас-эль-Набаа ауданындағы ғимаратқа жасалған шабуылдан үш адам жарақат алғанын Ливан Денсаулық сақтау министрлігі растады. Зардап шеккен аймақта құтқару жұмыстары жалғасуда.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, халық көп жүретін ауданға ескертусіз соққы жасалған. Олар бұл шабуылдың нысанасы Баас партиясының штаб-пәтері болғанын айтады.
Израиль әскери ұшақтары Бейруттың оңтүстік шеткері аудандарына да шабуыл жасап, шабуыл алдында кем дегенде жеті ғимараттың тұрғындарын эвакуациялауға шақырған. Әскери күштер жексенбі күні таңертең шамамен бір сағат бұрын адамдарға эвакуация туралы ескерту таратқан. Аймақтағы шіркеу қоңыраулары да тұрғындарды қауіп туралы хабардар еткен. Жарақат алғандар немесе қайтыс болғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.
Сондай-ақ, жексенбі күні Израиль әскери күштері Ливанның оңтүстігіндегі бірқатар ауыл тұрғындарын жердегі әскердің қозғалуына байланысты эвакуациялауға шақырды.