ШҚО-да түтінге оранған үйден анасы мен екі баласы құтқарылды
Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрт қаупі жойылды
ШҚО-да түтінге оранған үйден анасы мен екі баласы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлан ауданы ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Өтеулин мен жүргізуші Алтынбек Мязев бір отбасыны түтіндеп жатқан үйден құтқарып, жылдам әрекет етіп кәсібилік танытқан.
«Қасым Қайсенов кентінде полиция қызметкерлері «Учаске» іс-шарасы барысында үйлерді аралау жүргізген кезде, Байдельдинов көшесіндегі үйден көшеге жүгіріп шығып көмек сұраған қызды кездестірген. Ол үйде жылу жүйесі апатынан бөлме түтінге толып, оның отбасының өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы айтқан», - делінген ақпаратта.
Тәртіп сақшылары дереу үйге кіріп, балалары бар әйелді далаға шығарған. Осыдан кейін олар құбырдың бітелу мен бу жіберетін қазанның дұрыс жұмыс істемеуі себебін анықтап, ықтимал өрттің алдын алу арқылы мәселені шешкен.
«Біз бірден әрекет етіп, отбасын қауіпсіз жерге шығарып, түтіннің шығу жолын жойдық. Ең бастысы қайғылы жағдайды болдырмай, уақытында үлгердік», - деп атап өтті полиция капитаны Бақытжан Өтеулин.
Отбасының анасы полиция қызметкерлеріне олардың жедел әрекетінің арқасында ауыр зардаптардан аман алып қалғанына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Бақытжан Өтеулин мен Алтынбек Мязевтің әрекеті әріптестер үшін полиция қызметкерлерінің адалдығы мен жауапкершілігінің үлгісі болды.