Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты: 7 адам тіл тартпай кетті (ВИДЕО)
12 жастағы бала ауруханаға жеткізілді
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 қараша күні сағат 10.00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Құрма ауылына 2 шақырым жетпей «Тойота Альфард» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің руліне ие бола алмай аударылып қалған.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және оның 6 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Сонымен қоса, 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды», - делінген хабарламада.