Астанада республикалық ауыл әйелдерінің форумы өтті
Форумда әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігі мәселелері талқыланды
Астанада 7-ші республикалық ауыл әйелдері форумы өтті. Онда еліміздің барлық өңірінен келген 200-ден астам ауыл әйелдері көшбасшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шара барысында ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы, әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігі мәселелері талқыланып, гранттық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Бияхметов пен мәжіліс депутаты, президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Қарақат Әбден қатысты.
Форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауылдық жерлерде «жасыл» технологияларды енгізу және қаржылық қолдау мәселелері сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
«Мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдардың ынталы диалогының арқасында бүгінгі күні ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдауға бағытталған көптеген перспективалық жоба іске асып жатыр. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану маңызды. Осы жерде форумның оң рөлі ерекше. Форум барысында қалыптасқан идеялар мен бастамалар қатысушыларды жаңа шешімдермен байытып, ауылдағы бірлескен жұмыстардың түрлі бағыттарын нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін», - деп пікір білдірді Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина.
Ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдау құралдарының арасында Қазақстанда 12 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан және еліміздің әртүрлі өңірінен 110 мыңнан астам әйелге бизнес негіздерін тегін оқытқан Belesteri немесе «Өсу сатылары» атты әлеуметтік жоба ерекше аталады. Бұл жоба арқылы ccb.kz білім алған 7 500-ден астам шағын бизнес құрылып, еліміздің барлық өңірінде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында «жасыл» технологияларды қолдана отырып, жеке қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыруға арналған оқыту курстары ұсынылуда, ол farmerschool.kz платформасы арқылы жүзеге асырылады.
«Belesteri жобасы Қазақстан бойынша әйелдердің экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған, ал ауыл әйелдері форумы – мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды алаң. Олардың бірі – жастарды өнімді еңбекке тарту. Осы мақсатта биыл алғаш рет жастар үшін жаңа білім беру бағдарламасы ұсынылды (ccb.kz/orken), сондай-ақ жас жеңімпаздарға конкурс аясында бастауыш қаржылық қолдау ретінде 10 грант бөлінді», – деп атап өтті «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.
Жоба ең үздік бизнес-идея бойынша бірдей аталған байқаудың жеңімпаздарына қаржылық қолдау көрсетеді. 2012 жылдан бері 150 әйел өз ісін ашу үшін грант алған. Биыл ccb.kz жобасында 30 грант қарастырылған, ал өткен жылдары бұл көрсеткіш 20 болған. Форумда алғашқы 14 грант табысталды, қалған 16 грант екінші кезеңнің жеңімпаздарына, яғни байқау қаңтар айында аяқталған соң беріледі.
Форум гранттық байқаудың жеңімпаздарының өнімдерінің көрмесімен қатар өтті. Қатысушылардың арасында мал шаруашылығы өнімдері, ұлттық дәстүрлерде жасалған киімдер мен текстиль кеңінен ұсынылды. Мысалы, тігін өндірістері Құрақ көрпе секілді классикалық бұйымдардан бөлек, ұлттық ою-өрнекпен безендірілген зығыр матадан жасалған киімдер, көшпелілердің этно үлгілері бойынша пастила, ірімшіктен чизкейк торттарын дайындау, балалар мен ересектерге ұлттық нақышта қыш бұйымдарын жасау бойынша курстар ұсынылды.
Форум мен жобаның ұйымдастырушылары – «Жасыл экономикана қолдау және G-Global-ды дамыту Коалиция» заңды тұлғалар бірлестігі және «Әлеуметтік Динамика» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Форумға және «Өсу сатылары» жобасына қаржылық қолдауды The Coca-Cola Foundation қайырымдылық қоры көрсетеді.
Форум және жоба туралы қосымша ақпараттарды ccb.kz/forums сілтемесі арқылы білуге болады.