14.11.2024, 11:40
Жаңалықтар
Енесінен қымбат телефон алған келін жылап қалды (ВИДЕО)
Желі қолданушылары ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы жазды
Фото: istockphoto.com
Желіде енесінен тосын сый алған келін туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода әйел адамның бір байлам гүл ұстаған келініне шайдың қорабын сыйлағанын, оның ішінен iPhone телефоны шыққанын көруге болады.
Енесінің бұл сыйлығына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдірді.
«Қандай керемет ене», «Бұл жерде келіні енесінің алдында құрметі бар екенін сезініп жылап тұр», «Бар болса, келініңді қуантқанға не жетсін», «Енесі мықты, текті жерден екен», «Жаным. Төрт қызғалдағыма осындай керемет ене, осындай керемет отбасы бұйырсыншы», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды