«Өлген жерім осы шығар деп ойладым»: блогер зорлана жаздағанын айтты
Ол басынан өткен оқиғасы туралы айтып берді
Блогер Динара Абдоллақызы Алматыда зорлана жаздаған оқиғасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер басынан өткен оқиғасы жайлы Instagram парақшасында айтты.
«Мен зорлана жаздадым. Алматыға ең алғаш келіп, жұмыс істеп жүргенімде бір жігітпен таныстым. Қатты ұнады. Бірден кездесуге шықтым. Үй жаққа келген соң көлікте отыратын болармыз деп ойладым. Бір кезде «Алматының төбесінен қарағың келе ме?» деп сұраған соң ойымда ешнәрсе болған жоқ. Содан таудың арасында келе жаттық. Басыма арам ой келді. «Мені қайда алып бара жатыр» деп ойладым. Қатты қорыққаным соншалық, өлетін жерім осы шығар деп ойладым. Қазір мені зорлап, өлтіріп кетсе де ешкім естімейді. Ал көлікті ашып, секіріп кетсем жабайы аңдар жеп кетеді немесе машинаның ішінде қалып өлемін», - дейді блогер.
Сөзін жалғай отырып, ары қарай жол жоқ, тығырыққа тірелген соң ғана аман қалғанын айтып өтті.