$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жастарды көшеден ұстап, әскерге күштеп алып кету: министрлік түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі жастардың әскерден қашатынына ерекше атап өтті

Жастарды көшеден ұстап, әскерге күштеп алып кету: министрлік түсініктеме берді
Фото: Қорғаныс министрлігі

БАҚ пен әлеуметтік желіде жастарды еріксіз ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіп жатқан видеолар таралып жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметінше, ведомство жылына екі рет (көктемгі және күзгі әскерге шақыру) жүзеге асырылатын әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібін түсіндіруге өкілетті. Шақыру науқандары барысында кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақытылы келмеу фактілері байқалады.

Сонымен қатар әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды. Өйткені олардың көпшілігі тіркелген жерінде тұрмайды. Ал қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелмейді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шақыру қағазын әскерге шақырылушының жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған кезде оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі.

Рейд кезінде кейбір азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуге құқылы.

Шақыру комиссиясы жеткізілген адамдардың мәртебесін сол жерде анықтайды. Мерзімді әскери қызметке шақыруға негіз болмаған жағдайда оларды үйіне жібереді. Ал шақыруға негіз болса, медициналық комиссиядан өтуге және шақыру аясында басқа да іс-шараларды өткізуге жібереді», - делінген министрлік хабарламасында.

Қорғаныс ведомствосы сол сияқты мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Серіктес жаңалықтары