12.11.2024, 17:43
Жаңалықтар
«Мамасына көмектескен деген жақсы»: сиыр сауып отырған бозбаланың әрекеті жұртты тәнті етті
Бозбаланың анасына қолғабысын жұртшылық жылы қабылдап, лебіздерін білдірді
Фото: Видеодан скриншот
Желіде сиыр сауып, анасына қолғабыс еткен бозбаланың әрекеті жұртты өзіне тәнті етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бозбаланың видеосына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдірді.
«Ооо, сиыр сауған да өнер ғой, тем более ер бала болса, мамасына көмектескен деген жақсы», «Өркенің өссін, анасының көмекшісі, жігітке жеті өнер де аз, өнерің таси берсін», «Ата-анаға жаны ашыған баладан жақсы азамат шығады», «Еркек сиыр сауға болмайды деген қағида бар ма екен, қай жерге жазылған екен!? Мына бала жарады, анасына көмектесіп жатыр!», «Жігіт сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. Жарайсың, балам», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды