12.11.2024, 14:44
Жаңалықтар
СҚО-да ер адам анасын өлтіріп, үйімен бірге өртеп жіберді деген күдікке ілінді
Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр
Фото: istockphoto.com
Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылында кісі өлімі болды. Күдікті ер адам анасын өлтірген соң ізін жасыру үшін үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
11 қараша күні түстен кейін Явленка ауылындағы жеке үйден өрт шықты. Оқиға орнынан үй иесінің денесі табылды. Алайда оның өліміне өрт себеп болмағаны, өртке дейін зорлық-зомбылықтан көз жұмғаны анықталды. Оның өлімі бойынша 30 жастағы ұлы күдікке ілінді.
«Полиция 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген