Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 70-ке жуық адам қаза болды
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері айтылды

Алматы қаласында жыл басынан бері 26 498 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 168 адам жарақат алып, 66 адам қаза тапты, оның ішінде кәмелетке 1 бала толмаған бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жаяу жүргіншілер өткелінен өту және маневр жасау, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қиылыстан өту ережелерін бұзу болып саналады, оған жарықтың, белгілердің және жол жабынының нашарлығы ықпал етеді.
«Осындай фактілерді азайту және жүргізушілердің қырағылығын арттыру мақсатында қала прокуратурасы «Яндекс және 2ГИС пен» бірлесіп навигаторларға ерекше апатты учаскелердің картасы мен оларға жақындаған кезде жүргізушілерді дауыстық ескерту функциясы енгізілді.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысына сәйкес уәкілетті органдарға ЖКО-ны азайтуға және азаматтардың жол қозғалысы ережелерін сақтауына бағытталған бірқатар нақты ұсыныс берілді», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.